Текст
☀️ “Балдәурен” мектеп жанындағы жазғы лагерінде 04 маусым — Мемлекеттік рәміздер күніне орай мектеп кітапханасында танымдық сабақ өтті.
📘 Танымдық сабақ барысында оқушылар ҚР Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны туралы мағлұмат алып, олардың шығу тарихымен, авторларымен танысты. Сонымен қатар, рәміздерге байланысты викториналық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті.
🎯 Мақсаты: оқушыларға мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызын түсіндіру, оларды құрметтеуге баулу, отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру.
📌 Сабақ тартымды әрі қызықты өтті, балалар патриоттық рухты сезініп, өз елімізге деген сүйіспеншілігін білдірді.
https://www.instagram.com/reel/DKewh0job29/?utm_source=ig_web_copy_link