29 мамыр күні “Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-нің 9-сынып білім алушылары математика (алгебра) пәні бойынша мемлекеттік емтихан тапсырды.
✅Емтихан сағат 10:00-де басталды. Емтиханға 111 білім алушы қатысты. Емтихан белгіленген тәртіппен өтті.
✅Емтихан барысында оқушылар өз білімдерін сынға салып, жыл бойы алған білімдері мен дағдыларын нақты көрсете алды.
✅Мемлекеттік емтихан – білім сапасын бағалау ғана емес, оқушылардың жауапкершілігі мен өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыратын маңызды кезең.
✅Бүгінгі сынақ – оқушылар үшін үлкен өмір жолындағы алғашқы қадам. Оларға сәттілік тілейміз!
⚜️БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ⚜️
https://www.instagram.com/p/DKOx6m3sXzS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==