"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Мектеп тарихында есімі алтын әріптермен жазылып қалатын әріптесіміз Урманова Алтын Койшыбайқызы мезгілсіз дүниеден өтті

27.03.2021

Мектеп тарихында  есімі алтын әріптермен жазылып қалатын әріптесіміз  Урманова Алтын Койшыбайқызы  мезгілсіз дүниеден өтті.

Урманова Алтын Қойшыбайқызы 1966 жылы 11 маусымда Ақмола облысы, Еңбекшілер ауданы, Степняк қаласында дүниеге келген.  Еңбек жолын 1987 жылы бастаған ұлағатты ұстаз – саналы ғұмырын, күш-қуатын, білімін бала тәрбиесіне арнады. Өзінен бұрын, өзгені ойлайтын әріптесіміздің адамгершілік  қасиеті сөйлеген сөзінен, істеген ісінен білінетін. Қоршаған ортасына мейірімділік танытып, айналасына күн нұрындай шуақ шашып жүретін  кеңпейіл жан еді.

№2 Қосшы орта мектебі ашылған сәттен бастап, қалтықсыз қызмет етті. Осы уақыт аралығында жоғарғы санатты ұстаз, педагог-зерттеуші біліктілік санатын алып, орыс тілі мен әдебиеті бірлестігінің және директордың оқу-ісі жөніндегі қызметін атқарды. Білікті де, білімді ұстазымыз уақытының басым бөлігін өскелең ұрпаққа арнады. Оған дәлел 2014,2015,2019 жылдардағы ұядан  ұшырған түлектерінің жеткен жетістіктері.

А.Қ.Урманованың таланты мен еңбегі еленіп, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің мақтау қағазымен марапатталған, Қазақстан педагогтар Ассоциациясының Құрмет грамотасымен және ҚР педагогика саласының дамуы мен өркендеуіне үлес қосқаны үшін медаль берілген.

 

Алтын Қойшыбайқызы біздің жүрегімізде ұлағатты педагог, сүйікті жар, қамқор ана және мейірімді әже ретінде орын алатыны сөзсіз.

 

№2 Қосшы орта мектебінің ұжымы марқұмның жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады!

Просмотров: 498


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст