"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Кітапхана туралы ереже

Ақмола облысы Целиноград ауданы  «№ 2 Қосшы орта мектеп кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып саналады. Кітапханада көптеген оқулықтар қоры мен оқу әдістемелік кітаптар, мерзімді және мерзімсіз басылымдар,түрлі ақпарат көздері бар.Олар жеке немесе ресми тұлғаларға белгілі бір уақытқа беріледі.

Кітапхана Қазақстан Республикасының Конституциясының Білім Ззңы бойынша құрылған зандылықтар мен ҚР –ның Білім және ғылым министрлігінің нормативті актілері негізінде жұмыс істейді.

Кітапхана жұмысы оқушылардың мәдени тұлға ретінде дамуына көп септігін тигізеді. Кітапхана оқулықтарын оқушылар, ұстаздар немесе басқа да ақпарат көздерін алу кітапхананың ережесіне сәйкес жүзеге асады.

Кітапхананы пайдалану ережесі

        Осы әдістемелік құралдың мақсаты үшін мынадай ұғымдар қолданылады.

Кітапхана – баспа туындылары мен басқа да құжаттарды қоғамдық пайдалануды ұйымдастыратын мәдени-ағарту және ақпарат мекемесі.

Кітапхана қызметін көрсету -баспа туындылары мен басқа да құжаттарды  немесе олардың көшірмелерін насихаттау мен беру, оларды таңдау мен пайдалануға көмек көрсету жөніндегі кітапхана қызметі.

Кітапхана оқырманы-белгіленген құжатта ресми жазба негізінде кітапхананы пайдаланатын адам.

Кітапхана абонементі -кітапхана қызметін пайдаланатын оқырман немесе мекеме.

Кітапхананың көпшілік жұмысы- оқырмандар мен халық арасында баспа туындыларын және басқа да құжаттарды ауызша және көрнекі насихаттаудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы.

Кітапхана қорларын еркін пайдалану-кітапхана қорынан баспа туындылары мен басқа да құжаттарды тікелей іздеу мен таңдауға оқырмандарға мүмкіндік беретін қызмет көрсету жүйесі.

Оқу залы -өз шегінде баспа және басқа да құжаттар қызметін көрсетуге арналған арнаулы жарақталған бөлме.

Кітапхана абонементі  - белгілі бір мерзімге кітапханадан тыс пайдалану үшін баспа туындылары мен басқа да құжаттар беруді көздейтін оқырмандарға жеке және ұжымдық қызмет көрсету нысаны.

Жалпы ережелер

       Кітапхана қызметін көрсетуді есепке алу оқырмандар мен абонентердің, келушілердің басылымдар берудің, жарияланбаған құжаттардың және кинофото құжаттардың саны мен құрамы, сондай-ақ кітапхананың, оның құрылымдық бөлімшелерінің ,бұқаралық, библиографиялық және мемлекеттік ақпар есебі, кітапхана есептілігі, оның қызметін жоспарлау үшін негіз болып табылады.

 

Есеп жүргізуге мынадай талаптар қойылады:

1) есеп құжаттамаларын толтырудың толықтығы, дәлдігі мен жүйелілігі;

2) әрбір оқырманды, келуді, баспа туындылары мен басқа да құжаттарды  міндетті түрде тіркеу;

3) есептің әдістері  мен нысандарының үйлесімділігі, дәстүрлі және автоматтандырылған технологияны қолдану жағдайында олардың сенімділігі;

4) кітапхана қызметін есепке алу көрсеткіштері номенклатураларының мемлекеттік ақпардың сондай көрсеткіштеріне сәйкестігі;

5) кітапхана қызметін көрсетуді есепке алу, оқырман формулярын толтыру, онда берілген кітаптарды тіркеу, қүнделікті ақпарт есебі мен кітаптапхана күнделігін тұрақты толтыру жатады;

 6) полиграфиялық тәсілмен әзірленген есеп құжаттарының бланкілері мен компьютердің көмегімен басылған бланкілер тең құқықпен қолданылады.

         Олар стандартты бағдарламалар пакетінің немесе кітапханада оқырмандарға кітапхана қызметін көрсетуді есепке алуды жүргізуге арналып жасалған жеке  бағдарламалар көмегімен ресімделуі мүмкін.

7) оқырмандарға қызмет көрсетуді есепке алу осы  нұсқауда баяндалған біріңғай әдістер бойынша жүзеге асырылады, есептің біріңғай нысандарын жүргізу жолымен қол жеткізіледі.

Кітапхана қызметін көрсетуді есепке алу жүйесі

8) Кітапхананың құрылымдық бөлімшелері өз жұмысының бағыттарына қарай Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары кітапханаларының ведомстволық ақпарт есептілігі нысандарына сәйкес міндетті есепке алуға жататын жұмыс көрсеткіштерінің тізбесіне сай бастапқы есеп жүргізеді.

7) Оқырмандарға кітапхана қызметін көрсетуді есепке алу жүйесіне:

а) барлық бөлімшелердің кітапхана қызметін көрсетуін кітапхана ішінде есепке алу;

б) оқырмандарға кітапхана қызметін көрсетудің ведомстволық ақпарт есебі жатады. 

Оқырмандар мен абоненттерге қызмет көрсетудің  кітапханалық есеп құжаттарының құрамы мен мақсаты 

Оқырмандар мен абонеттерге қызмет көрсетудің бастапқы кітапханалық есеп құжаттарының құрамына оқырмандарды тіркеу  карточкасы, кітпханааралық абонемент (КАА) абонентін тіркеу карточкасы, оқырман формуляры, оқырман талабы парағы жұмыс күнделігі жатады.

       Оқырман формуляры    оған берілген және қайтарылған баспа  туындылары мен басқа да құжаттар туралы мәліметтер қамтылып,  (жалпы орта білім беру, бастауыш және кәсіптік орта білім беретін ұйымдарда) әдебиет беру мен оқуды талдаудың есеп құжатының қызметін атқарады.

       Оқырман формулярында оқырманның рет номері көрсетіледі, ол оқырман атында жыл соңына дейін сақталады.

      Саралы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында формулярда оқырман тобының шартты таңбалары ( сиглдер, түрлі-түсті белгілер, рейтер және т.т) қойылуы мүмкін.

Оқырман формуляры бес жыл ішінде пайдалануға арналған. Қосымша беттер толтырылуына қарай оқырмандардың бастауыш және кәсіптік орта білім беретін  ұйымдарда бірқатар жылдар бойы оқуын бақылауға мүмкіндік беретін жаңасымен алмастырылады немесе толықтырылады.

      Жыл сайын 1 қыркүйектен бастап оқырмандарды қайта тіркеу басталады. Қайта тіркеу кезінде оқырман туралы анкеталық мәліметтер нақтыланып, өзгерістер енгізіледі. Формуляр мен оқырманды тіркеу карточкасында жаңа нөмір мен қайта тіркеу күні қойылады. Фамилиясы өзгерген жағдайда жаңа формуляр толтырылады.

      Ескерту: Қайта тіркеу сол сәтте оқырман атына жазылған барлық басылымдарда толығымен өткізген кезде жүргізіледі.

            .

      Бақылау  парағы оқырманның  кітапхана бөлімшелеріне келуін есепке алуға, берілген және қайтарылған баспа туындыларын бақылауға арналған.

      Кітапхананың жұмыс күнделігі оқырманға қызмет көрсетуді есепке алудың бастапқы  құжатының  нысаны болып табылады. Күнделік  үш  бөлімнен тұрады:

1.   Оқырмандар  құрамы мен келу есебі; 

2.   Басылымдар мен басқа материалдарды беру есебі;

3.   Көпшілік жұмыстар есебі.

Көпшілік шараларға қатысу кітапхананың жұмыс күнделігінің 3-ші “Көпшілік жұмыстар есебі” бөлімінде немесе кітапханада қолданылып жүрген басқа  құжатта жеке  есептеледі.

      Келушілердің бір күнгі жалпы қорытындысы кітапхананың құрылымдық бөлімшесінің жұмыс күнделігіне түсіріліп, содан кейін ай, тоқсан, жыл ішінде жинақталады.

     Келушілердің жалпы санының есебі кітапхананың әрабір құрылымдық бөлімшесінің есеп құжаттарында кітапхананың жұмыс күнделігінде және кітап берудің және келудің күнделікті ақпарт есебінде жүргізіледі.

       Оқырман формулярында оның өтініші бойынша құжатты пайдалану мерзімін ұзартуды тіркеу жаңа кітап беру ретінде есептеледі.

        Қорды еркін пайдалану жағдайындағы оқу залындағы беру есебі пайдаланушының  жұмыс үшін сөреден алып, пайдаланып болған соң кітапханашыға қайтарған құжаттарын санау жолымен жүргізіледі. Басылымдар беру кітап  немесе оқырман формулярында көрсетіледі. Әдебиетті оқырманның өзі сөреге қайта қоймайды.

       Көрмелерден, ашық шолулардан және көпшілік шаралады өткізу кезінде  құжаттар беру есебі, кітап формулярында жасалған немесе басылымға  салынған оларды пайдаланудың есеп парағындағы белгілер бойынша жүргізіліп, бір күн ішіндегі жалпы берілімге қосылады.

Кітап берілімі мен басылым түрлері олардың мазмұнына қарай жүргізіледі.

Кітап берілімінің жалпы санына  оқырмандардың талаптары бойынша әзірленген көшірмелер де енеді.

      Бір күн ішіндегі кітап берілімінің жалпы қорытындысы  жұмыс күнделігіне түсіріледі. Ай, тоқсан, жыл ішіндегі беру туралы деректер жинақталады.

      Кітап берілімінің жалпы есебі кітапхананың әрбір есеп құжаттарында, кітапхананың жұмыс күнделігінде немесе статистикалық есеп журналында ескерілген даналар санын жинақтаумен жүргізіледі.

Оқырмандар, келушілер, басылымдар, кітап берілімінің есебі, күн сайын оқырмандарға қызмет көрсету барысында, жұмыс күнінің  соңында оқырман формулярын санау жолымен немесе автоматтандыру мен механикаландыру құралдарымен жүзеге асырылады. Жұмыс қортындыларының сандық көрсеткіштері жұмыс күні біткесін кітапхананың жұмыс күнделігіне түсіріледі.

Көпшілік жұмыстың есеп бірліктері

       Кітапхананың көпшілік жұмысының барлық түрлерінің есеп бірлігі шара-көрме, библиографиялық шолу, ақпарат күні, ауызша журнал, оқырман конференциясы, диспут, әдеби-сазды кеш, викторина, маман күні, кітап көрмесіне шолуы т.т. болып табылады.

      

Анықтама-библиографиялық қызмет көрсету  оқырмандар мүддесін өз қоры мен анықтама-библиография ақпаратының көмегімен қанағаттандыра отырып пайдаланушыларға қызмет көрсететін барлық кітапханашілік бөлімшелер жүзеге асырады. Сұраныстар мен анықтамалар есебі жалпы түрдегі «Библиографиялық сұраныстардың есеп кітабына енгізіледі».

       Анықтама-библиографиялық қызмет көрсету бір жолғы сұраныстық  есеп бірлігі оқырманның библиографиялық анықтама алуға деген талабы ауызша немесе жазбаша өтініш болып табылады.

      Сұранысты қабылдау кезінде оның мазмұны, мақсаты, сұраныстың нақтылығы түрлері мен хронологиялық шеңберлері тіркеледі.

Сұраныс түрлері:

1) тақырыптық сұраныс белгілі бір тақырып немесе мәселе жөніндегі сұраныстар нәтижесі: бір тәртіппен біріктірілген құжаттардың  сипаттамасы берілген әдебиеттер тізібесі. Тақырыптық талап-тілектердің көпшілігі жүйелі  каталогтардың, картотекалардың, библиографиялық көрсеткіштердің, реферативтік журналдардың, салалық мерзімді басылымдардың көмегімен орындалады

2) фактографиялық - сол немесе басқа объектілер, оқиғалар, процестер т.т. туралы нақты мәліметтер алу сондай-ақ оқырманды қызықтыратын мәләметтер алынған кезді көрсетеді; (бұларға қайсыбір оқиғаның датасын хабарлау мысалы, «Адамның космос   кеңістігіне шығуы қай жылы жүзеге асырылды?», заң ережелерін түсіндіру, терминнің мағынасын анықтау, жекелеген адамдардың өмірі мен қызметінің фактілерін анықтау)

3) адрестік-библиографиялық сұраныс, белгілі бір басылымның кітапханада бар екенін және тұрған  жері анықталған сұраныс.

4) нақтылау – сұраныста бұрмаланған библиографиялық сипаттама элементтерін, әдебиет сілтемелерін анықтап  кемшіліктерді нақтылауды қажет ететін сұраныс (оқырман бұрын пайдаланған кітабының авторын, шыққан жылын ұмытып, есінде қалған мақаланы, кітапты тауып беруді өтінеді).

      Тақырыптық немесе фактографиялық сұраныстар жөніндегі күрделі анықтамалар жазбаша орындалуы мүмкін. Ұзақ іздестіруді талап ететін анықтама оқырманның қатысуымен орындалады және  оған ауызша нысанда түсіндіріледі.

      Анықтама-библиографиялық қызмет көрсету дегеніміз – оқырмандарға олардың талап – тілектері бойынша, біржолғы сұраныстардың ауызша немесе дискеттегі деректер базасындағы библиографиялық мәліметтер қамтылған жазба түріндегі мәтінді файл болып табылады.

Кітапханааралық абонемент бойынша қызмет көрсету.

                 Қазақстан Республикасының білім жүйесіндегі барлық кітапханалары ведомстволық бағыныштылығына қарамастан өзінің қызмет көрсету аймағында  орналасқан кітапханааралық абонемент бойынша әдебиет беруге міндетті.

             Ескерту: 1. Қор иесі – кітапхана көркем және оқу әдебиетін тек ғылыми және өндірістік қызмет үшін береді.

                     2.Аса сирек кездесетін және құнды басылымдар, сондай–ақ газет мақалалары көшірмелері (фотокөшірме, электрорафиялық көшірме, т.т.) түрінде беріледі.

     

Жалпы ережелер

 1. Кітапхана қорын есепке алу қорға түскен құжаттар түсімін, қор есебіне шығаруды, бүкіл кітапхана мен оның бөлімшесі қорының шамасын көрсетіп мемлекетік ақпар есебі, кітапхана есептілігі, оның қызметін жоспарлау, қордың сақталуын қамтамасыз ету, құжаттардың бар-жоғы мен қозғалысын бақылау негізі болып табылады.

Есеп жүргізуге қойылатын талаптар

      1) Есеп ақпаратының толықтығы мен  дәлдігі;

      2) Қорға түскен әрбір түсім мен қордан шығаруды құжатты түрде ресімдеу;

      3)Есеп әдістері мен нысандарының үйлесімділігі, әртүрлі және автоматтандырылған технологияны қолдану жағдайында олардың сенімділігі;

Кітапхана қорының есеп көсеткіштері номенклатурасының        

      4) мемлекеттік ақпардың сондай көрсеткіштеріне сәйкестігі.

 

Кітапхана қорының есебіне: құжаттар қабылдау, оларды штемпельдеу, түсу, орын ауыстыру, есептен шығару кезінде тіркеу, сондай-ақ құжаттың қорда бар-жоғын тексеру жатады. Дәстүрлі, сондай-ақ компьютер нысанында ұсынылған есеп ақпаратының заң күші бірдей.Полиграфия тәсілімен әзірленген есеп құжаттарының бланкілері мен компьютерде басылған бланкілер тең құқықта пайдаланылады.

Кітапханалардағы есеп түрлері, әдістері мен бірліктерін үйлестіру кітапхана ісі жөніндегі стандарттарды, сондай-ақ осы нұсқау талаптарын сақтау кітапхана ісі жөніндегі басқа да нормативті құжаттар қамтамасыз етеді.   

Кітапхана  қорын есепке алу жүйесі

1) Кітапхана қорының барлық бөлімшелерінің кітапхана ішіндегі есебі.

2)  Кітапхана қорының мемлекеттік ақпар есебі. 

Кітапхана қорын есепке алу объектісі мен бірліктері  Кітапхана қорын есепке алу объеітісі құжаттың түрі мен оның материалдық негізіне қарамастан кітапханаға түскен және одан шығарылған құжаттар болып табылады.

Ескерту: Қызмет мақсатындағы материалдар кітапханашылар мен әдіскерлердің жұмыс істеуі үшін қажет, (кітапхана ісі жөніндегі нұсқаулар, ережелер, бағдарламалы өнімдер, кітапхананы безендіру үшін сатып алынған материалдар) есепке алынбайды және кітапхана қорына енгізілмейді.

 

Кітапхана қорының сақталу шарттары

- Кітапхана қорының сақталу шарттары оның физикалық- химиялық биологиялық және механикалық бүлінуден қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.

- Сирек құнды құжаттар, тұрақты және ұзақ пайдаланылатын басылымдар мен материалдар қолданылып жүрген мемлекеттік стандарттарға сәйкес сақталады.

- Қор сөрелерде, арнаулы шкафтарда немесе сейфтерде тігігнен  және көлденеңінен сақталады. Көлемі 35 см-ге дейінгі кітаптар мен журналдар сөрелерде тігінен, ал үлкен көлемді кітаптар мен журналдар көлденеңінен қойылады.

Парақ материалдар қораптара сақталады. Барлық газеттер мен журналдар түптеледі.

- Кітап қоймасын жарықтандыру табиғи және жасанды болуы мүмкін.Табиғи жарықтандыруда күн сәулелерінің қорға тікелей түсуіне жол берілмейді. Күн сәулелерін шашырату үшін перделердің әртүрлі жүйесі қолданылады. Жасанды жарықтандыруда жарық нормасын арттыруға болмайды. Электрмен жарықтандыруды 40-60 ваттық бір лампа сөреарлық  өтпелердің әрбір 2-метріне 75 ват- тық лампа негізгі өтпенің әрбір 4-5 метріне есептеп қойылған лампалармен қамтамасыз етіледі. Электрлі жарық көздері өрттен қауіпсіз әрі шаң мен ылғал өткізбейтін болуы тиіс.

- Қорды сақтаудың қолайлы темературасы 17-19 С, ауаның ылғалдылығы 55 С.

 Шыбын–шіркейлер бүкіл қорға таралып кеткен жағдайда дезинфекциялау жүргізіледі.        

 Қорды ұйымдастыру барысында оның сақталуын қамтамасыз ету

- Жинақтау мен өңдеу барысында қордың сақталуы,қорды есепке алу жөніндегі нұсқаулармен реттеледі.Есеп құжаттарының жүйесіне жөнелту құжаттары (шот, накладной, чектің көшірмесі, акт, түбіртек және т.с.с.) жиынтық және жеке есеп нысандары (кітапхана қорының есеп кітабы,  инвентарь кітабы, түсімдерді тіркеу журналы, есеп каталогтары мен картотекалары сондай-ақ

 автоматты режимдегі есеп каталогары мен картотекалары) кіреді.

 - Барлық басылымдар мен басқа да құжат түрлері кітапхана өңдеуіне кейін кітапхана қорына жөнелтіліп, қордың мазмұнына, көлемі мен мақсатына, басылымдар мен материалдар құрамына қарай орналастырылады. Қордың  орналастырылуы сақтауға  ыңғайлы болуға тиіс. Қордың дұрыс орналастырылуы мен физикалық жай-күйі үнемі бақылауда болады.

- Өрттен қорғану қағидаларын сақтау керек. Кітапхана бөлмелерінде темекі шегуге тыйым салынады. Кітапхана өңдеуінен өтпеген кітаптар оқырмандарға үйге беруге, оқу залынан, оқырман формулярында тірклмеген басылымдарды, сондай-ақ анықтама басылымдарының,сөздіктердің,шежірелердің (энциклопедия)    және т.т. жалғыз данасын беруге тыйым салынады.

- Кітапхана оқырмандарды қатыстыра отырып шағын жөндеуді (түскен беттерді желімдеу, мұқабаны желімдеу және т.т ) жүйелі түрде жүргізіп отыруы тиіс.

 

      -  Қордың сақталуы үшін жауапты адам ауысқан кезде өткізу қабылдап-тапсыру актіне сәйкес жүргізіледі. Міндетті жоспарлы тексеріс кітапхана балансында тұрған кітаптардың, кітапшалар мен кинофотоқұжаттардың барлығы жатады. Қорды тексеру    қорытындылары бойынша екі данадан тұратын акт  жасалады.

       Актіге қорда жоқ басылымдар мен басқа материалдардың тізімі тіркеледі. Актіні кітапхана қарамағындағы білім басшысы бекітеді.

- Қорды тексеру кітаптары «Инвентарь кітабымен» тікелей салыстыру жолымен немесе бақылау талондарының көмегімен жүргізілуі мүмкін.

       Басылымдардың бақылау талондары онда сақталатын инвентарь кітабымен салыстырылады.

- Кітапханаларда қолданылып жүрген нұсқауларға сәйкес қордан басылымдар мен материалдарды шығаруға рұқсат етіледі. Есептен шығару жолымен мазмұны жағынан ескірген, көнерген, ақаулы, сондай-ақ  оқырмандар жоғалтқан және белгісіз себептермен жоғалған басылымдар алынады. Профильді емес және басы артық дублетті, аз сұраныстағы басылымдар  айырбас қорлары арқылы білім жүйесі кітапханлары арсында бөлінеді.

Ескерту: Білім беру ұйымдары басылымдар мен басқа материалдарды жыл сайын есептен шығарып отыруға міндетті.

 

Қордың сақталуы үшін жауапкершілік

 - Кітапхана пайдалану қағидасын бұзған немесе оның қорына залал келтірген заңды ұйымдар (кәсіпорындар, ұйымдар, білім беру ұйымдары т.т) мен азаматтар Қазақстан Респуликасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес материалдық, қылмыстық және т.б жауапкершілікке тартылады.

- Жоғалған, бүлінген басылымдар мен материалдар құны нақты (нарық) бағасы бойынша белгіленеді. Өзара келісім-шарт бойынша пайдаланушы шығынды білім беру ұйымының бухгалтериясы арқылы өтеуі немесе  құны бір басылымдармен алмастыруы мүмкін, басқа жағдайда өтем нотариалдық кеңсенің атқарушы жазбасы (ескілік мерзімі 3 жылдан аспаған жағдайда) негізінде даусыз тәртіппен жүргізіледі. Кәмелетке жетпеген оқырмандар жоғалтқан (бүлдірген) кітаптар мен мерзімді басылымдар  кітапхана құны мен  мазмұны бірдей деп таныған, сондай-ақ баспа туындысымен және материалдармен алмастырылады. Бұл орайда ата –аналар, қамқоршылар жауапкершілікке тартылады.

 

Жаңартылған күні: 06.11.2020 17:11
Құрылған күні: 09.11.2020 11:36

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст